Бейсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде зымыран сынақтарын жүргізгені үшін Солтүстік Кореяға қарсы қатаң санкциялар енгізуге Қытай мен Ресей қарсы шықты. Бұл ұсынысқа АҚШ бастамашылық еткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Hill-ге сілтеме жасап.
БҰҰ-дағы Қытай елшісі Чжан Цзюнь АҚШ-тың санкциялардан басқа ұсыныстарды қарастырудан бас тартуына байланысты аталған резолюция жобасы қабылданбағанын айтты.
Өз кезегінде Ресей мен Қытай керісінше Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды жеңілдететін резолюция ұсынды. Олардың пайымынша, аштық пен коронавирустың өршуіне байланысты КХДР гуманитарлық проблемаға душар болды. Алайда америкалық тарап бұл ұсынысты қолдамады.
Егер АҚШ-тың ұсынысы қолдау тапса, БҰҰ 2017 жылдан бері алғаш рет Солтүстік Кореяға қатысты санкцияны қатаңдатқан болар еді.