Сурет: ашық дереккөз
Алдағы жылы Қазақстанда 5 жаңа сейсмикалық станция орнатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
Жобаны Қытайдың жер сілкінісі жөніндегі агенттігі қаржыландырады, онымен Қазақстанның Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер ғылыми орталығы келісім жасады.
Сондай-ақ АҚШ қолдайтын Орталық Азия елдеріндегі сейсмикалық тәуекелдерді бағалау жобасы аясында оқыту курстарын өткізу жоспарланған.