Фото: defense.gov
Джо Байден Тайваньға Қытай шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ қорғайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Джо Байден CBS арнасындағы "60 минут" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Қытай Тайваньға басып кірген жағдайда АҚШ қорғай ма деген сұраққа Байден: "Иә, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған шабуыл болса", - деп жауап берді.
Ол АҚШ Қытайдың саясатын қолдап, Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайтынын ескертті.
"Біз Тайвань аралымен жақсы ынтымақтастықта болсақ та, Қытайдан тәуелсіздік алуға шақырмаймыз", - деді америкалық көшбасшы.
Мамыр айында Байденге Қытай Тайваньға басып кірсе, АҚШ әскери әрекеттерге араласа ма деп сұраған болатын.
"Иә... Бұл біз қабылдаған міндеттеме", - деп жауап берді ол.
Ақ үй де АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін айтып, бұл мәлімдемеден тез бас тартты.