21 жел, 2020 сағат 08:40

Қыркүйек айынан бері 33 атыраулық оқушы коронавирусқа шалдыққан

Атырау облысында қыркүйек айынан 33 оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтің мәліметінше, биылғы оқу жылының басынан бері мектеп жасындағы 33 бала коронавирус инфекциясымен ауырған. 

«Бірақ, науқастардан тек 4 оқушы мектептердегі кезекші сыныпқа барған. Ал, 29 бала онлайн оқиды. Тексеру кезінде 33 оқушының барлығы өз отбасында ауырғаны анықталды. Қазір олар жазылып, медициналық есептен шығарылды», - деді Амантай Жұмағалиев.