16 қаң, 2017 сағат 09:36

Қырғызстанда ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланады

- 30-дан астам адамның өмірін қиған ұшақ апатына байланысты Қырғызстанда аза тұту күні жарияланады, деп хабарлады Бішкектен Қырғызстан президенті аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат агенттігі.

«30 адам қаза тапқан апатқа байланысты Қырғызстанда аза тұту күні жарияланады. Таяу уақытта ҚР Президенті Алмазбек Атамбаев тиісті жарлыққа қол қояды», - деп атап өтілген хабарламада.

Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің  Дача-Суу  ауылында    әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Turkish Airlines компаниясының Boeing-747 жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Алайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан ол апатқа ұшырады.

Соңғы дерекке сәйкес 35 адам қаза тапқан, оның ішінде 4-еуі - ұшқыш.