Фото: eurasiatoday.ru
Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың жиенінің бұрынғы күйеу жігітіне үкім шықты, деп хабарлайды Ult.kz kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Анықталғандай, Бішкектің Бірінші май аудандық сотының 2025 жылғы 10 қазанындағы үкімімен С. А. Ж. (Афтандил Сабырбеков) Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз дайындау» және «прекурсорларды заңсыз дайындау» баптары бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп танылып, ақталды.
Бұдан бөлек, Сабырбеков Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 267-бабы 2-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз айналымға енгізу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қамауда өткізген уақыты есепке алынып, бір күн қамауда болу екі күн бас бостандығынан айыру мерзіміне теңестірілді. Сабырбеков 2024 жылдың 4 шілдесінен 2025 жылдың 10 қазанына дейін қамауда болған.
Афтандил Сабырбековке тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы толық өтелген деп есептелді. Ол сот залында босатылды.
Сонымен қатар, оның бауыры Тариэль Сабырбеков бірнеше бап бойынша іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан ақталды. Алайда ол Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіндегі «Прокурордың, тергеушінің немесе анықтау органының қызметіне кедергі келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бұл жазасы да толық өтелген деп танылып, Тариэль Сабырбеков сот залынан босатылды.
Еске сала кетейік, Афтандил Сабырбеков қоғамға Қырғызстан президентінің жиені Ләззат Нұрқожоеваға үйленуге ұсыныс жасаған.
