20 мам, 2022 сағат 16:48

Қырғызстанда қазақ кәсіпкерін бопсалаған ҰҚТ мүшелері ұсталды

Видео кадры

Бішкекте ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның МҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 20 мамырда ҰҚТ бірнеше мүшесі қазақстандық жеке кәсіпкерді бопсалап, Mercedes-Benz маркалы көлігін өздерінің атына жазуды талап еткен. Артынша, 20 мың доллар сұрап, бопсалаған. 

МҰҚК қызметкерлері Б.К.Н есімді адамды 300 мың сом алып жатқан жерінен ұстаған. Қырғызстанның 208-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.