Мәскеуде Қырғызстан және Ресей сыртқы істер министрліктері терроризммен күрес мәселелері бойынша кеңесті деп хабарлайды қырғыз СІМ. Қырғызстан делегациясын министрдің бірінші орынбасары Динара Кемелова бастап барса, Ресей тарабын министрдің орынбасары Олег Сыромолотов жетекшілік еткен.
Тараптар "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы күрес, терроризммен күресті қаржыландыру, қоғамға радикалдық құбылыстарды жібермеу, және БҰҰ, ШЫҰ және Ұжымдық келісім-шарт ұйымы аясында терроризмге қарсы ынтымақтастық жөнінде талқылаған.
Кемелова тараптардың қауіпсіздікке төнетін қатерді алдын алу үшін, дер кезінде ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өткен.
Кеңесу кезінде екі мекеме өкілдері ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша пікір алмасып, Мәскеуде қырғыз азаматтарының өліміне себепкер болған өрттен кейін қозғалған қылмыстық істің барысы да сөз болған.
Ұлт порталы