17 қаз, 2024 сағат 12:07

Хеопс пирамидасының шыңына шыққан иттің видеосы желіні дүрліктірді


Видео авторы — парапланшы Алекс Лэнг, ол әлемнің кереметтерінің бірін әуеден түсіруді ұйғарған.

Гиза пирамидаларына, соның ішінде Хеопс пирамидасының шыңына көтерілуге қатаң тыйым салынған. Сондықтан туристер көбінесе параплан жалдап, ежелгі құрылыстарды әуеден көруді жөн санайды.

14 қазанда видео түсіру кезінде британдық турист Хеопс пирамидасының шыңында итті байқап қалған. Айта кету керек, Гиза пирамидасының биіктігі 139 метр.

Парапланшының айтуынша, қаңғыбас ит сол биікке шығып алып, құстарды үркітіп жүрген. Лэнг бұл видеоны инстаграмға жүктеп, бірнеше күн ішінде 700 мыңнан астам лайк жинады.

Қазіргі уақытта иттің тағдыры белгісіз. Ит төменге түсе алды ма, жоқ па, белгісіз. Сондай-ақ, оның шыңға қалай шыққаны және қанша уақыт болғаны туралы да ақпарат жоқ.