#
#
Сейсенбі 20/10/2020

Құс еті мен жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу қажет – Құмар Ақсақалов

  • 21.09.2020
  • 0
  • 144

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыртқа мен құс етінің жеткілікті қоры бар. Яғни құс тұмауына байланысты өнімнің бұл түрлерін қымбаттатуға негіз жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында өңірде құс тұмауына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында жазды. Өңір басшысының айтуынша, қазір 7 аудандағы 11 елдімекен карантинге жабылған. Бұл тізімге тағы 6 ауыл қосылады. Шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр. Ауру ошақтары табылған аумақтарда дезинфекция жасалуда. Республикалық арнайы жасақ өлген құстарды жоюмен айналысуда. Үй құстарына екпе егіле бастады. Облысқа 873 мың доза отандық вакцина бөлінді. 

«Құс тұмауынан өлген үй құстарының иелеріне ақшалай өтемақы төленеді. Бұл жұмыспен арнайы құрылған комиссия айналысуда. Сондай-ақ, құс шаруашылығындағы жұмыс орындарын сақтап қалып, жұмыртқа мен құс етінің бағасының өсуіне жол бермеу қажет. Құс фабрикаларында жұмыртқаның қажетті қоры бар», - деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов. 

Сондай-ақ облыс әкімі құс өсірушілерге құлаққағыс жасап, үй құстарын өзен-көлдерге шығармауға, қаз-үйректерді жабық жерде ұстауға кеңес берді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар