06 қар, 2020 сағат 14:00

Құрылыс компаниясы алматылықтардың шағымынан кейін қоқысты жинады

Алматының Әуезов ауданында жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалған артық топырақ пен асфальт кесектерін жинамай кеткен мердігер компания олқылықтарды жойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Щепкин көшесінен Пятницкий көшесіне дейін созылған ұзындығы 750 метр Лодыгин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары бойынша ескертулер көрсетілген мерзімде жойылды.

Еске салайық, Лодыгин көшесінің тұрғындары «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына шағым түсірген болатын.

Мердігер ұйым партиялық бақылау барысында нұротандықтарға берген уәделерін орындады.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен жергілікті жердегі нұротандықтар арасында осындай нақты өзара үйлесімді іс-қимылдың арқасында нәтиже болады. Мысалы, партиялық бақылау жұмысына Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Мұхамеджанұлы үлкен көмек көрсетті. Ол аудандық партиялық бақылау комиссиясын басқарады», - деп атап өтті Әуезов аудандық филиалының консультанты Дәурен Ботбай.