«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында финляндиялық команда белсенділік танытты. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Калле Коссила 16, Никлас Йенсен 19-минуттарда мергендік танытты.
Никлас Йенсен екінші кезеңнің 28-минутта есепті үстемелей түссе, қазақстандық Никита Михайлис 42-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ойынның нүктесін 59-минутта финляндиялық Марко Анттила қойды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.
Енді «Барыс» алдағы ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.