07 жел, 2021 сағат 01:12

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Ак Барстан» басым түсті


«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сенімді бастады. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. 

Екінші кезеңде 21-минутта Якоб Лилья көздеген нысанадан мүлт кетпей, «Барыс» командасын алға шығарды. Ресейлік клуб бұдан кейін таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. 

Үшінші кезеңде «Барыс» басымдығын арттыра түсті. Қазақстандық клуб сапынан Аркадий Шестаков 50-минутта қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып кетті. Ойынның 58-минутында «Ак Барс» сапынан Дмитрий Воронков есеп айырмасын қысқартты. 

Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. 

Енді «Барыс» 9 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. 

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт кездесуде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберіп қойған еді.