28 шіл, 2020 сағат 15:23

Құрбан айт мерекесінде Алматыда 14 полиция бекеті жұмыс істейді

Алматы қаласында Құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес Алматыға кіре берісте қалаға мал әкелудің алдын алу үшін бекеттер ұйымдастырылды. 

«Көлік, оның ішінде мал тасуға болатын жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды заңға бағынуға және ең алдымен коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын. Жаһандық пандемия жағдайында оны ұстанған дұрыс, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Биыл Құрбан айт мерекесі кезінде Алматыға мал кіргізуге, мал союға тыйым салынған болатын.