#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Құрбан айт мерекесінде Алматы облысының 11 мыңнан астам отбасына ет таратылды

  • 03.08.2020
  • 0
  • 192

Құрбан айт мерекесіне орай Алматы облысының 11 мыңнан астам отбасына ет таратылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Коронавирус індетіне байланысты биыл Алматы облысының тұрғындары Құрбан айт мерекесін жаңа ережелер бойынша атап өтті. Және Қазақстан мұсылмандары діни асқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Оразбаевтің бастамасы бойынша қасиетті мұсылман мейрамына дайындық әдеттегіден ертерек басталды. 

«Биыл карантин шараларына сәйкес және қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, Талдықорғанда арнайы бөлінген жерде 1 түйе, 56 ірі қара, 611 ұсақ мал құрбандыққа шалынды. Ал автоволонтерлер 5531 мұқтаж, көпбалалы отбасыларға, туа біткен аурулары бар адамдарға, қарт адамдар мен ауруханаларға ет жеткізді»,- деді Ардақ Оразбаев. 

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматы облысы бойынша 1 түйе, 145 бас ірі қара және 3409 бас ұсақ мал құрбандыққа шалынды. Ал 400-ге жуық еріктілер мен автоволонтерлер 11 225 мұқтаж отбасына ет жеткізді. 

Мысалы, онлайн өтінім арқылы Алакөл ауданы бойынша барлығы 17 ірі қара және 530 ұсақ мал сойылды. Ал ет 1064 мұқтаж отбасына таратылды. 

Кербұлақ ауданында «Майтөбе ет» ЖШС мал сою пунктінде 47 бас ірі қара мен 12 бас қой құрбандыққа шалынды. Еріктілер мен автоволонтерлер 636 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ет жеткізді. 

Сондай-ақ, «Құрбан айт» мерекесі кезінде Ескелді ауданы бойынша 15 бас ірі қара, 321 ұсақ мал сойылды. Етті 865 көпбалалы және аз қамтылған отбасы алды. 

Еске салайық, онлайн режимінде құрбандық шалу облыстың барлық аудандары мен қалаларында 25 арнайы бөлінген жерде өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар