17 там, 2017 сағат 18:00

Күнгейлік өнертапқыш «QAZAQ ARBASY»-сын ойлап тапты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық кодты сақтай білу арқылы ұлттық сананы жаңғырту жайын айтқан еді. 

«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген-ді Мемлекет басшысы.

Иә, “көшпенді” болғанымызға ұялатын заман өтті. Ендігі ұрпақтарды ата-бабаларының көшпенді болғанына мақтаныш тұтарлық шындыққа жеткізуіміз өте қажет. Солардың ішінде киіз үй орны ерекше. Оны заманы өткен нәрсе ретінде “тіршілік” атты үйрімнің айналымынан шығарып тастау үлкен білместік болар еді. Киіз үйінен айырылған қазақ “қазақтық болмысынан” да аулақтай бастары сөзсіз. Ол жалпы адам баласына да пайда бермесі анық. Сондықтан да кәзіргі заман талабы мен батыстанған ұрпақ санасын ескере отырып, киіз үй ерекшіліктерінің кәзіргі заманға сәйкестігін табу, қала тұрмысында пайдалану секілді ізгілікті істердің аясын кеңейту тек қана іскерлердің емес, қала сәулетшілері мен мемлекет басшыларыныңда алдындағы маңызды шаруа.

Осыған орай, оңтүстікқазақстандық өнертапқыш,техника ғалымдарының кандидаты Еркінбек Бөкебаев дәстүрді сақтап қалудың тың үлгісі  ретінде көшпенділердің арба үстіне орнатқан киіз үй бейнесіндегі автотіркемені (трейлерді) замануй үлгіде жасап шықты. «Бұл жерде ең негізгісі – қазақтың  ежелгі тарихы арқылы қазіргі заманауи технологияларды қолданып, жобаны қолданысқа енгізу. Мұны Қазақстанның бренді, қазақ тарихының бір көрінісі деп қарастыруға болады»,-дейді ол. «Материалдық құндылық  пен  рухани байлық ұштасуы керек. Әр елдің өзіндік бір келбеті болуы қажет. Ол не нәрсеге байланысты?  Мысалы, бір мемлекетке барған кезде біз, ғалымдар сол елдің мәдени ерекшеліктерін, тарихи келбетін іздейміз. Біздің ерекшілік және тарихи келбет – ол шаңырақ, киіз үй, арба». «Уақыт қалай жылжыса, қазақ халқы да бірге жылжып отырған. Мысалы,  күнделікті тұрмысына қатысты айтсақ, қазақтың  малдың  жайылымына жақсы болуы үшін жаз жайлауға, қыс қыстауға шығатыны бар ғой. Соған қолайлы болуы үшін арбаның үстіндегі киіз үйді ойлап тапты. Оның өзін қазақ  аэродинамикалық заңдылыққа сай жасап шыққан. Яғни, қай мезгілде де тұрмысқа қолайлы болуы үшін. Бұл трейлерде да дәл солай жасалынан. Келген қонақтар бұдан біздің мәдениетпен қатар тарихи келбетімізді көре алады».

Мұны қарабайыр дүние деп ойламаңыз. Оны жасау үшін біз білетін табиғи таза заттармен қатари инновациялық материалдар пайдаланды. Бұл арба ұлтымыздың қымыз-қымыран секілді табиғисүт тағамдарынан жасалынған сусындарды сатуға арналған.

Өнертапқыш осындай дүниені 2011 жылы жасауға кірісіпті. Бірінші нұсқасы жеміс-жидек сататын арба болды. Кәдімгі дөңгелекпен жүретін, үстінде сонау Санкт-Петербургте тоқылған кәрзеңкесі бар, бірақ заманауи арба. Оны 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағаш ауданына іссапармен келген кезде таныстырған.  Сонда өнертапқыштың туындысын жоғары бағалаған Президентіміз оған «Qazaq Arbasy» деген атау беріпті. Содан кейінгі мұндай арбаларды жасау жобасының жалпы айдары «Qazaq Arbasy» деп аталынды. Біз әңгімелеп отырған киіз үй пішіндес түрі «Qazaq Arbasy»-ның соңғы нұсқасы.

Оны құрастыруды Еркінбек Тәженұлы биыл бастаған. Сөйтіп ойлап тапқан 5-6 түрінің ішінен осы нұсқасын таңдаған. Бұл арбаны жасап шығару үшін өнертапқыш 5 млн. теңге қаражат жұмсаған. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, арбаның жабдықтары брендті заманауи материалдардан жасалған. Сондықтан оның бағасы да қымбат болды. Оның үстіне көпшілігі мұхит асып, шетелден әкелінген. Мәселен, 100 ватт электр энергиясын беретін күн батареясы--АҚШ-тың өнімі. Оның ерекшелігі - салмағының жеңілдігінде. Бар-жоғы 2,5 келі тартады. Дәл осындай батареяның қытайлық нұсқасы бұған қарағанда он еседей ауыр. Сондай-ақ, арба үстіндегі киіз үйдің жалпы сұлбасын беріп тұрған жабын –ұзақ мерзімге шыдас беретін (10-15 жыл), жылдамдығы 25 – 30 м/сек желге төтеп беретін арнайы инновациалық материал –күшейтілінген тоқымалы полиэтиленненжасалынған. Ол арбаның өзін және клиенттерді күн көзінен қорғау үшін қажет. Оның “ауаөткізгіштік” қасиеті көгеріп кету мен ингибиторлардың грибоктарынан қорғайды. Мұны да өнертапқыш АҚШ-тан әкеліпті. Бұл жабынның тағы бір артықшылығы, күнніңультрофиалеттік сәулесінің 90 пайызғадейінгі мөлшерін қорғап. кері қайтарады. Бұдан бөлек, 350 литр ұлттық сусындарды сақтауға шақталған арнайы тоңазытқыш орнатылған. Оны да өнертапқыш өзінің сызбасы бойынша Алматыдан арнайы жасатып әкелген. Себебі, зауыттарда шығарылған дайын тоңазытқыштар 20-30 сантиметрге биік, ал ол клиенттерге, әсіресе балаларға қызмет көрсетуде ыңғайсыздық тудыратын көрінеді. Қысқасы, сусындар тоңазытқышта сақталады, ыдыстарды шаятын ыстық-салқын сумен қамтамас ететін қолжуғыш бар. Одан күніне 30 литр таза су ағады. Мұның санитарлық-гигиеналық тазалықты қамтамасыз етуге септігі зор. Клиент тазалықты сүйеді. Гигиена ережерелеріне сәйкестендірілініп – киіздің павильонның ішкі жағындағы бетін “москиттік” тормен көмкерілінген.Санитарлық-гигиеналықталап киіздің микрокеуегінің, ‘туырлығы’ көтерілген павильонның етегі мен “түндігі” ашылған шаңырақтың –табиғи желдетуі арқылы да орындалады.Сондықтан сауданың да көрігі қызатынына еш шүбә жоқ. Сонымен қатар, арба үстіндегі киіз бейнесіндегі “дүңгіршек” қазақтың дәстүріне сай ерекше дизайнмен жасалғандықтан көзге өте әдемі көрінеді. Бұл шетелдік туристерді қызықтырмай қоймайтыны анық. Сонда табыс та табамыз, әрі ұлттық сусындарымызды өзгелерге насихаттаймыз. 

Еркінбек Тәженұлы «Qazaq Arbasy»-ын киіз үй пішінінде жасауға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түрткі болғанын айтады.  Президентіміз бұл бағдарламалық мақаласында ұлттық кодымызды сақтау үшін әлемдік өркениет көшінен қалып қоймауға, сонымен бірге, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып келе жатқан салт-санамыз бен дәстүрлерімізді ұмытпауға, керісінше, заман ағымына бейімдеп отыруға шақырады. Міне, сондықтан да өнертапқыштың бар арманы ұлттық сусындарымыз бен киіз үйіміздің бүгінгі әлемнің ажырамас бір бөлшегіне айналып, заман ағымы қалай өзгерсе де қоғамда өз қажеттілігін жоғалтпай, халықпен бірге мәңгі жасай беруі.

«Біздің дүниемізді еліміздің дизайнерлер одағы, қазақ тағамтану академиясы толығымен қолдап отыр. Тіпті, академик Төрегелді Шармановтың өзі киіз үйдің шаңырағына қарап ішкен сусынның адам бойына тез сіңетіні жөнінде ғылыми дәйектер келтіруде. Жалпы, жылжымалы механизм алғаш рет қазақ даласында ойлап табылған. Қазақ халқы бағзы замандардан бері сайын сахарада көшіп-қонарда доңғалақты киіз үйді, күймені пайдаланған. Бұл туралы ортағасырлық әйгілі жиһанкездердің еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, қазақтарда киіз үйлі арба болғандығы туралы құжаттар, соның ішінде мұндай арбаның көне сызбалары француз картографы Гийо́м Левассёр де Бопла́нныңеңбектерінен табылды. Сондықтан заманауи арбаны салт-дәстүрімізді бүгінгі заманға лайықтап, екінші өмір сыйлайтын нағыз рухани жаңғыруға жатқызуымызға болады. Соның үлгісі бойынша келешекте тағы да 20 арба жасауға мүмкіншілігіміз бар. Егер мемлекеттен тиісті қолдаулар болып жатса, оны өндірістік жолға қоюға толық мүмкіндік жетеді. Оның үстіне, көптеген маңызды бөлшектерін өзімізде шығару арқылы да өзіндік құнын төмендетуге әбден болады. Алдағы уақытта туындыны Оңтүстік Қазақстан облысының атынан Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне апаруды жоспарлап отырмыз», —дейді өнертапқыш Е.Бөкебаев.

Ұлтымыздың салтын білу өте қажет, өйткені ол өз бойына тек өзіне тән нақыштың, халқымыз жасаған және уақыт сарабынан өткен сұлулықтын құпиясын сақтайды. Сондықтан болар жасалатын әрбір үлкен сәулет туындысының негізін әрдайым халықтың ежелгі сәулет және көркем өнері құрайды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі