Павлодарда құбыр желісінде апат болып, бірқатар тұрғын үй мен нысан сусыз қалды. Куәгерлер әлеуметтік желіге Сәтбаев–Естай көшелерінің қиылысында су ағып жатқаны түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметі бойынша бүгін таңертең Ак.Сәтбаев көшесі, 63 («Экспресс» СҮ) ауданында диаметрі 500 мм құбырда апат болған.
Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау болмайды:
- Ак. Сәтбаев көшесі: 35, 37, 47, 43, 55, 57, 59, 63 (ОӘД), 65 («Экспресс» СҮ), 49 (облыс әкімдігі);
- Қайырбаев көшесі: 34, 36;
- Жеңіс алаңы бойынша: 3, 3/1, 5, 27;
- Ак.Бектұров көшесі, 60 (Қазтелеком);
- Астана көшесі бойынша: 119, 125, 127, 129;
- Ак. Марғұлан көшесі: 91/3 ,99, 101;
- Кривенко көшесі бойынша: 23, 25.
Қазіргі уақытта «Павлодар-Водоканал» ЖШС авариялық бригадасы апатты жою бойынша жұмыс істеуде.