17 сәу, 2021 сағат 07:40

Қуат Хамитов жаңа жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

ММА файтері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ресми! Біз келесі жекпе-жекке дайындықты бастадық! Өтетін күні мен орнын жақын арада жариялаймыз", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, Қуат Хамитов кейінгі жекпе-жегін 22 қаңтарда Fight Nights Global турнирінде өткізген болатын.

Қаңтардың соңында Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовке үкім шығарылғаны хабарланған еді. Ол жарты жылға бас бостандығынан шектелді.