Фото: BBC
Интернетте жұбайын өлтіргені үшін сотталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеден қашып кетті деген ақпарат таралды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл мәліметті теріске шығарды.
"Әлеуметтік желіде сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қашып кеткені жайлы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр", - деп мәлімдеді комитет өкілдері.
ҚАЖК азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды. Сонымен қатар, жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатыны айтылды.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Салтанат Нүкенова кісі қолынан қаза тапқан болатын. Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев осы қылмыс үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, экс-шенеуніктің туысы, «Гастро-орталықтың» директоры Бақытжан Байжанов ҚР ҚК 432-бабы бойынша 4 жылға сотталған.