22 сәу, 2024 сағат 17:01

Қуандық Бишімбаевтың телефонынан жантүршігерлік видеолар көрсетілді


Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Астанадағы сотында айыпталушының ұялы телефоны қаралып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Қуандық Бишімбаев сотқа өзінің телефонын айғақ ретінде беруді ұйғарды. Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонындағы 8-9 қарашада түсірілген суреттер мен видеоларды қарады.

Видеода Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы соққыға жығып, оның Райымбек Баталовпен байланысын сұрап, сұрақтың астына алып жатыр. Бишімбаев бас-аяғы 12 видео түсіріп алған. Барлық видеода ол марқұмға тек сол сұрақты қояды.

Алайда, айыпталушы бұл видеоларды біреу монтаждап, жібергенін айтты.

Судья аталмыш видеоларды жәбірленуші тарап Айтбек Амангелдіге көрмегені дұрыс екенін айтты.