29 нау, 2024 сағат 18:29

Куәгер: «Камерадағы видеобейнелерді өшіруді сұрады»


Фото: facebook.com/Қуандық Бишімбаев

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа байланысты жүріп жатқан сот отырысында куәгерлерге сөз берілді.  Салтанат Нүкенова өлі табылған «Гастроорталықтың» қызметкері Қалмұрат Молдақаш өзінен Гүлзада есімді әріптесі камерадағы видеобейнелерді өшіруді сұрағанын айтты деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат».

Ол «Гастроорталықтың» камераларын оқиға кезінде ешкім бақыламағанын айтты. Куәгер  Молдақаш бұрын соңды бақылау камераларының жазбаларын өшіріп көрмегенін айтты.

«Камералар тұрған бөлмеге кіріп, видеоларды қалай өшіретінін кездейсоқ жолмен анықтай бастадық. Сол кезде Байжанов келіп,  таспаларды өшіру қолымыздан келіп жатыр ма екенін сұрады. Мен анықтан жатырмыз деп айттым», -деді куәгер. 

Сосын ол компьютердегі Delit деген жазуы бар батырманы басып барлық бейне жазбаларды кезек-кезек өшіргенін айтты. Ол жерде Молдақаш 15 минуттай болғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы. Ол Қуандық Бишімбаевтың туысқан бауыры.  Ол екі бап бойынша айыпталып отыр: Аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін және айтпағаны үшін.