25 нау, 2024 сағат 12:16

Крокустағы теракт: жұмбақ жағдайлар


Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған теракт жұмбақ жағдайларға толы. "Әшкере" телеграм арнасы соларды тізбектеген екен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Крокус Сити Холлға" шабуыл жасады деп ұсталған лаңкестердің бірі бұл жерге екі апта бұрын келген. Оны сол кезде суретке түсіріп алған фотограф бұл оқиға 7 наурызда болғанын растаған. Ал АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі дәл осы күні шабуыл қаупі бар деп ескерту жасаған. Бұл сәйкестік пе, әлде АҚШ барлау қызметі хабардар болған ба?

Екінші жұмбақ жағдай: интернетте шабуыл басталған сәт түсірілген кадрлар жарияланған: анықтап қарасаңыз, кинолог пен оның итін көруге болады. Кинологтар - Ішкі істер министрлігіне қарасты кәдімгі полиция қызметкерлері. Бірақ видеодағы қызметкер теракт басталған кезде жайбарақат шығып кете барған. Ол кім? 


Тағы бір күмәнді жағдай: "Крокус" ғимаратында Павшино деп аталатын полиция бөлімі бар. Онда полиция қызметкерлері болған. Алайда шабуыл басталған сәтте олар халықпен бірге қашып кеткен бе?

Төртінші сәт: Ресей билігі бұл оқиғадан Украина ізін іздеп жатыр. Украинаға қашқан деді, Путин де Украинадан құтқарып алу "терезесі" болды деп хабарлады. Алайда содырлардың өзі шабуыл кезінде түсірген видео қалайша көп өтпей ДАИШ ресми дереккөздерінің қолына түсті?