23 нау, 2024 сағат 16:44

"Крокустағы" лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 115 адамға жетті

© Sputnik / Санат Имангалиев


"Крокус Сити Холдағы" теракт құрбандарының саны 115 адамға жетті, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап.


Бұған дейін адамдардың өліміне оқ жарақаты мен өртенген заттардан улану себеп болғаны хабарланған болатын.

Концерт залын тексерудің алдын ала нәтижесі бойынша лаңкестердің шабуылы кезінде автомат қаруы қолданылған.


Бұл заттай айғақтар бойынша баллистикалық, генетикалық және дактилоскопиялық сараптамалар жүргізіледі.

Сондай-ақ террористер концерт залын өртеу үшін тез жанғыш сұйықтықты пайдаланғаны анықталды.


Украинамен шекараға жақын жерде, Брянск облысында қауіпсіздік қызметі мен құқық қорғау органдары "Крокус Сити Холл" концерт залында теракт жасады деген күдікпен төрт адамды ұстады.