24 нау, 2024 сағат 19:04

"Крокус Сили Холда" қаза тапқандар саны 154-ке жетті

© РИА Новости

Мәскеу Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша "Крокус Сили Холдағы" лаңкестік әрекеті салдарынан қаза тапқандар саны 154-ке жетті деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Зардап шеккендер 152 адам. 

Айта кетейік, 24 наурыз Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында "Пикник" тобының концерті өтіп жатқан кезде лаңкесік шабуыл жасалған. Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин терактіге Украинаны айыптады, ал Украина президенті Владимир Зереленский Ресей президенті болған оқиға үшін жауапкершілікті «басқа біреуге» аударуға тырысып жатқанын айтты.