08 қар, 2019 сағат 11:00

ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы: 15 жылда тауар айналымы 3,5 есе өсті

Сауда және интеграция министрлігінде Қазақстан мен Ресей арасындағы 2003 жылы Омбыда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының алғашқы форумы өткізілігеннен бері сауда-саттықтағы жағдайдың қалай өзгергеніне талдау жүргізілді.

Бұдан соң аталмыш форум 2005 жылдан Қазақстан мен Ресейдің бірқатар қалаларында: Челябі, Орал, Новосибирск, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана, Челябинск, Петропавл қалаларында кезекпен өтті.

Бақыт Сұлтанов форум алаңында журналистермен кездесіп, тауар айналымы осы жылдар бойы өсім көрсеткенін атап өтті. 

2003 жылы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумы өткізілген уақыттан бері 15 жыл ішінде біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 3,5 есе өсті (2003 жылы - $5 245,5 млн, 2018 жылы - $18 517,3 млн), оның ішінде Ресейге біздің жеткізілімдеріміз 2,6 есеге өсті ($1 967,7 млн - $5 279,9 млн).

«Практикалық шешімдер, нақты көмек және нақты ұсыныстар!» - бұл іскерлік Форум алаңында жұмыс істегісі келетін адамдардың кездесуінде өтіп жатқан жағдай.  Бұл Форум ұйымдастырылуының негізгі себебі. Сондықтан, бүгін журналистермен сөйлесе отырып, Бақыт Сұлтанов форумдағы networking алаңының маңыздылығын атап өтіп, бірінші форумнан бастап, көптеген шешімдер мен 100-ден астам түрлі келісімдерге қол жеткізілгендігін атап өтті. Негізінен, бұл, әрине, кәсіпорындар арасындағы келісімдер - бұл өңіраралық ынтымақтастықтың міндеті.

«Бүгін біз мемлекет басшылары деңгейіндегі өңіраралық форуммен қатар, біздің кәсіпорындар ұсынылған бизнес-форум өткізіп отырмыз. Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар. Бірқатар келісімдер бүгінде $40 млн-ға жуық сомаға жасалады. Бірақ бұл тек кешегі күнге және бүгінге бастамасы ғана. Сондықтан, біз осындай бизнес-форумдардың арқасында кәсіпкерлердің қосымша мүмкіндіктері пайда болады деп үміттенеміз», – деді министр.

Сонымен қатар, ұлттық тауар өндірушілерді үлкен экспортқа шығару туралы айта отырып, Сауда министрі қазақстандық делегациямен ҚХР-ға барған сапардың ірі нәтижелері туралы айтты.  

2019 жылғы Форумның тиімділігі мен пайдалылығы туралы айта келе, Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жалпы отырыстың қорытындысы бойынша 8 екіжақты құжатқа, сондай-ақ форум алаңында 12 коммерциялық келісімге қол қойылғанын атап өткен жөн:

 Пленарлық отырыста «Қазақстан – Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасына қол қойылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар арасында қол қойылды:

  • Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі (Росмолодежь) арасындағы жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға;
  • Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресейдің Мәдениет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына;
  • Қазақстан-Ресей шекарасында өткізу пункттерінің жұмыс істеуі бойынша Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресейдің Көлік министрлігі арасындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасына.

Әкімдіктер арасындағы келісімдерге қол қойылды:

  • Қостанай облысы мен Челябі облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге;
  • Павлодар облысы мен Қорған облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келісімге;
  • Павлодар облысының әкімдігі мен Новосибирск облысының әкімшілігі арасындағы сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына;
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Ресейдің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау банкі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге.

Коммерциялық құжаттар бойынша қол қойылды:

  • «Айсберг ПВ» ЖШС мен «Еуразия» сауда үйі арасындағы жартылай фабрикаттарды;
  • «Қазетөнімдері» ЖШС мен «Еуразия» Т арасындағы шұжық өнімдерін жеткізу туралы келісімдерге.

Ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды: 

  • «KSP Steel» сауда үйі («KSP Steel» ЖШС қазақстандық компаниясының серіктесі) және KazakhExport;
  • «Контрол Лизинг» ЖШҚ және KazakhExport;
  • Москоммерцбанк және KazakhExport;
  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Омбы мұнай өңдеу зауыты және мемлекеттік техникалық университеті;
  • Павлодар мұнай-химия зауыты мен Омбы мұнай өңдеу зауыты;
  • БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Саратов облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы;
  • Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсіп, байланыс, цифрлық және ғылыми-техникалық даму министрлігі арасындағы келісімге.

«АЗАМ-КС» ЖШС мен «Титан-Агро» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы келісімге.

Қарағанды, Қостанай облыстарының Қоғамдық кеңесі мен Свердлов облысының Қоғамдық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға.