12 жел, 2016 сағат 11:12

ҚР Үкіметі отырысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары туралы есептер тыңдалды


ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қарастырылды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бөлшек және көтерме саудадағы әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті сауда бағаларының көлемін заңды түрде бекітуді ұсынып, оларға сауда нысаны санатына байланысты жекедара қарау қажеттігі туралы баяндады.    

Шекті сауда бағалары негізінде ай сайын «ұсынылатын бағалар» есебі жүргізілетін болады деп күтілуде, ол ашық түрде жарияланады.

Аталған жаңашылдықтар сатушылар үшін де, тұтынушылар үшін де бағаның құралуын ұғынықты етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Ұсынылатын бағалар» туралы ақпараттың қолжетімділігі халықтың басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағаның «ұсынылатын бағаларға» сәйкессіздігін анықтауға, сол арқылы әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаны реттеудің тиімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарына сауда желілері мен сауда нысандарында тауардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізу құзыретін беру және тауарлардың қолжетімділігін шектеу белгілері анықталған жағдайда ол туралы монополияға қарсы органға хабарлау мүмкіндігін беру ұсынылды.