Мемлекет басшысының Өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Марғұлан Бақытұлы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы өзгерді.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.