22 қар, 2016 сағат 12:31

ҚР Премьер-Министрі ҰБТ-2017 өткізуге мұқият дайындалуды тапсырды

"ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰБТ-2017-ні жоғары деңгейде өткізу үшін мұқият дайындалуды тапсырды", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

Үкімет отырысында ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде қарастыратын жаңа форматы таныстырылған болатын. 

Б. Сағынтаев ҰБТ-ның жаңа форматы қабылданған жағдайда дайындық жұмыстарын қазірден бастап жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

«Ең маңыздысы, емтихан сұрақтарын құраушылар мен тестілеу орталығының мамандары қандай сұрақтардың жинақтағанында. Міне, осыны бақылауда ұстау қажет», - деді Б. Сағынтаев.

Айта кетерлігі, мектеп бітірушілерді аттестациялауды 2017 жылы жаңа форматта өткізу ұсынылды. Ол мектеп бітіру емтиханы мен ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырудан тұрады. 

Ұлт порталы