18 жел, 2019 сағат 15:09

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Т.Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген. Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, директоры (2011-2016 жж.), этика жөніндегі уәкілетті өкіл (2016 ж.), вице-министр (2016-2019 жж.) қызметтерін атқарған. Оған дейін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-да, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығында және т.б. қызмет еткен.