01 қаз, 2019 сағат 16:44

ҚР Елшісі Моңғолия Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевты сенім грамоталарын табыстау үшін Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кездесу барысында Моңғолияның Басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті», - делінген ҚР елшілігі таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек, сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі болашақтағы өзара сапарлар талқыланды.

Кездесу соңында Х.Баттулга Елшіге Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығын нығайту үшін табысты жұмыс және жемісті еңбек тіледі.