14 қаң, 2020 сағат 08:30

ҚР АШМ: Комитет төрағасы тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың бұйрығымен Алмабек Марс Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды  ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Марс Алмабек Марсұлы 1976 жылы 11 тамызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін, Еуразия академиясын бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Ол ҚР АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының жетекші маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып еңбек еткен.

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині жөніндегі және шекара бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, ҚР АШМ АӨК МИК Фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекциясы басқармасының басшысы болған.

2011 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.