Астанадан 7 шақырым жердегі Қоянды ауылының тұрғындары үйлерін еріген қар суынан қорғау үшін құтқарушылар мен техниканы көбірек жіберуді талап етті.
Сағат 20:40-та 50-ге жуық адам жергілікті әкімдікке келіп, жолды жауып тастады. Тұрғындар шұғыл түрде аулалар мен көшелерден су сору үшін бұдан да көп техника мен адамдарды тартуды талап етті.
Аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков су сору жұмыстары жүріп жатқанын, бірақ күш жетпей жатқанын айтты. Көкшетаудан келген құтқарушылар Қояндыға аттанды. Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қанат Доспаев та келді.
Шенеуніктермен, прокуратурамен, полицейлермен әңгіме шуға ұласты. Бірақ халықты таратуға көндірді.
«Қазір Қоянды ауылында су тасқынына қарсы күшейтілген шаралар жүргізілуде. 150 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар шығаруға 10 инженерлік және арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ Қояндыда 9,5 мың метр арықтар мен каналдар, сондай-ақ 46 су өткізгіш құбырлар тазартылды. 35 мың м3 астам еріген су сорылды. Тас жолдарды жабу сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - деп түсіндірді әкімдік.