14 сәу, 2022 сағат 20:45

Қоянбаев Президент телерадиокешенінде жаңа қызметке тағайындалды


Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Белгілі қазақстандық кино және теледидар продюсері Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры болып тағайындалды", - делінген телерадиокешенінің Telegram-арнасында.

Бұған дейін Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда жобаларды ұйымдастыруға қатысып, "Түнгі студия" шоуының жүргізушісі болған еді.