06 нау, 2023 сағат 14:13

Қостанайлық кандидаттар «Есіктен есікке» акциясын өткізуді жалғастыруда


Кандидаттар Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Акцияға жастар мен аға буын өкілдері қатысты. 

Акция аясында тұрғындарға партияның бағдарламасы таныстырылып, олардың ұсыныстары мен өтініштері жазып алынды. 

Азаматтарды негізінен балалар алаңы, жалға беретін тұрғын-үйді жекешелендіру мүмкіндігі, үй ауласындағы көлік тұрақтарының аздығы мен жылумен жабдықтау желілерінің тозуы алаңдататыны белгілі болды. 

Кандидаттар сайлауалды бағдарлама аясында осы мәселелердің барлығы қарастырылғанын атап өтті.



Кандидаттардың айтуынша, «AMANAT» партиясы электр, жылумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу мәселелерін ерекше бақылауға алмақ. Нәтижесінде электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 72,2% - ға дейін, жылумен жабдықтау 50% - ға дейін, ал су бұру 59,4% - ға дейін төмендейді.

«Партия 5 жыл ішінде кемінде 20 мың отбасын, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 1,5 мың отбасын және 600 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті кандидат Бауыржан Айдаболұлы.

Облыс бойынша электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 72,4%, жылумен жабдықтау – 57%, су бұру – 59,7% құрайды.

Өз кезегінде кандидаттар қала тұрғындарын партия кандидаттарын сайлауда қолдауға шақырды.  

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді