Қостанайдағы белгісіз біреулер зираттағы қоршауды бұзуға тырысқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, әлеуметтік желі қолданушылары Қостанайдағы зират басындағы видеоны таратқан. Үш ер адам зират қоршауларын бұзбақ болған. Полиция бұл бейнжазбаны тексеруге алды.
«Жергілікті тұрғындардан немесе ролик авторынан полицияға арыз түскен жоқ. Видеоны тексеру барысында зират қоршауын сындырмақ болған азаматтар анықталды. Үшеуі де облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Қазір олармен жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.