23 сәу, 2026 сағат 15:04

Қостанайда үш полицей қамауға алынып тергеу басталды


Фото: polisia.kz


Қостанай облысының Рудный қаласында үш полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Олар 17 наурыз күні ұсталған. Арнайы операцияға облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті бірлесіп қатысқан.


Ведомство күдіктілерге қатысты нақты қандай айып тағылғанын ашып айтпады.


«Рудный қаласы полиция басқармасының үш қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды», – делінген ресми хабарламада.


Қазір үш қызметкер де қамауда отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.