23 сәу, 2026 сағат 11:59

Ақсуда әйел өліміне қатысты күдікті қамауға алынды


Фото: ашық дереккөз


Павлодар облысының Ақсу қаласында әйел адамды өлтірді деген күдікпен ер азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.


Әйел адамның мәйіті табылғаны жөніндегі ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram арналарында тараған. Хабарламаға сәйкес, мүрде Ақсу ферроқорытпа зауытынан шамамен үш шақырым жерде, қала бағытына қарай орналасқан аумақтан табылған.


Аталған дерекке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.