20 ақп, 2023 сағат 19:05

Қостанайда сайлауалды бағдарлама түсіндірілді


Бүгін облыстық мәслихат кандидаттары Қостанай облысының Денисов ауданында орталық аудандық аурухана ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар шара қатысушыларына сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Кандидаттар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту керек екенін тілге тиек етті. 

– «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасау. Кез-келген азамат өз мәселелерін шешу үшін әрдайым партияға жүгіне алады. Партия әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, бағдарламада әртүрлі бағыттар бар. Соның ішінде қолжетімді сапалы медицина қызметін арттыру. Мәселен,  Қостанай ауданында 1 емхана салу, 10 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізу, облыстық онкологиялық диспансердің және қалалық, аудандық ауруханалардың базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға жыл сайын кемінде 48,5 мың скринингтік зерттеулер жүргізу көзделген. Бұл бағдарлама тек нақты іс-әрекеттерге ғана емес, сондай-ақ алдағы немесе осы міндеттердің орындалуына кепілдік береді. Бүгінгі кездесуде біз тек партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ғана емес, қазіргі таңда адамдарды не мазалайтынын, азаматтардың қандай мәселелері бар екенін білдік, – деді облыстық мәслихаттың кандидаты Нұрбол Байзиров.


«Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндіріп, азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, ол әр азаматтың пікірі мен оның өтініштері партия үшін маңызды екенін баса айтты.

Шара соңында кандидаттар 2023 жылғы 19 наурызда өтетін сайлауда лайықты кандидаттар үшін өз дауысын беруге шақырды.

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы cайлау қорының қаражатынан төленді.