24 қыр, 2024 сағат 10:51

Қостанайда бес автобус өртеніп кетті

Фото: ҚР ТЖМ

Қостанай қаласында автобус паркінің аумағындағы автомобиль боксындағы автобустары өртеніп кеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Өрт алдын ала 220 ш.м. алаңда оқшауланғаны және нақтыланған ақпарат бойынша бокста 5 автобус өртенгені анықталды. Абырой болғанда, зардап шеккендер болмаған.

"Түн ортасында "101" пультіне күзету қызметінен Қостанай қаласындағы автобус паркінің аумағында автомобиль боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Түтіннің жоғары тығыздылығына қарамастан, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде бокста бес автобустың жанып жатқанын анықтады", - делінген хабарда.


Өртсөндірушілер тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермей, 27 қалалық автобустар мен бокс конструкцияларын өрттен аман сақтап қалды.