15 қар, 2020 сағат 12:40

Қостанайда 38 жастағы әйелді жол үстінде пышақтап кетті

Қостанай қаласында әйел адамды пышақтап кеткен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 14 қараша күні Гагарин көшесінде болған.

«38 жастағы әйелге пышақпен шабуыл жасау фактісі бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Қостанай қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған. Әйел ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-дом шараларын алып жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер кейінірек хабарланады.