Қайрат Әбдіхалықов. Сурет: qostanay.media
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіхалықов жалған нөмірге қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" сайтына сілтеме жасап.
"Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіқалықов жұмыстан шығуға арыз жазып, отставкаға кетті", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.
Басылымның мәліметінше, оның жұмыстан шығуына полицейдің SsangYoung жол талғамайтын көлігінде Chevrolet Niva-дағы 787 ELA 10 нөмірі байқалғаны әсер еткен, бір нұсқа бойынша бұл сол ауданның прокуроры Асқар Сыздықовтың қызметтік көлігі болуы мүмкін. Ал ол көлікте 044 ҚР 10 нөмірі байқалған.