01 сәу, 2022 сағат 21:24

Қостанай облысында Ресей техникасы не істеп жүр - министрлік жауабы


Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат тарап жатыр. Онда Қостанайда жүрген ресейлік әскери техниканың бейнежазбасы көрсетілген.

Бұл ақпаратқа қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" StopFake.kz порталына сілтеме жасап.


«Қостанай облысында жүрген ресейлік техниканың қозғалысына қатысты, бейнежазбада іздеу-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі құрамында Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кету барысы көрсетілгенін хабарлаймыз. Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды.

Бұрын хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ «Союз МС–19» кемесі қонған болатын», – деп хабарлады ведомстводан.