
Қостанай облысында карантин шаралары 14 желтоқсаннан бастап жеңілдетілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло жаңа қаулы шығарды.
Бұған дейін жарияланған «Карантин шараларын қатаңдату туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, жаңа жылдық корпоративтерді, балалар ертеңгіліктерін, жаппай мерекелерді өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар), театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылады.
«Кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте ғимарат толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс. Облысаралық жолаушылар тасымалдарын қоспағанда, 15 адамнан аспайтын облысішілік, қалааралық қоғамдық жолаушылар көлігінің (автобустар, шағын автобустар, такси) жүруіне рұқсат етілсін.
Такси қызметтерінің жұмысына уақыт бойынша шектеусіз рұқсат беріледі. Такси жүргізушілері мен жолаушыларына міндетті түрде бетперде киюі тиіс.
Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметіне сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат беру. Дәріханалар шектеусіз жұмыс істейді.
Автожанармай құю станциялары кезіндегі шағын маркеттердің қызметі жалғасады», делінген бас санитар дәрігердің редакцияланған қаулсында.
Осы қаулы 2020 жылғы 14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Жеңілдету шаралары екі аптаға созылады.
