12 шіл, 2021 сағат 14:25

Қостанай облысында ірі орман өртін үш күн бойы сөндірді


Қостанай облысында өрт сөндірушілер ірі орман өртін үш күн сөндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«10 шілде күні сағат 12:50-де Қостанай ауданындағы «Пригородное» орман шаруашылығы басқармасының аумағында, Тобыл қаласынан 30 шақырым жерде ірі орман өрті сөндірілді. Өрт 8 шілде күні сағат 10:40-та басталған. Қураған шөп, қарағай мен қайың өртенді. Жалынмен күресті екпінді жел мен ыстық күн райы қиындатты», - деп хабарлады ведомстводан. 

Жалынмен күреске ТЖД күш-құралдары, жергілікті атқарушы органдар және полицейлер жұмылдырылған. 

«Орман сілемін қорғау мақсатында «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылды. Құтқарушы тікұшақ әуеден 60 рет су шашты, шашылған судың көлемі 200-ге жуық тоннаны құраған. Алдын ала есеп бойынша, жалын 300 га жерді шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп қосып өтті ТЖД-дан.

Жалынмен күрес 9 шілде күнгі сағат 21:00-де жарияланып, келесі күні түске қарай толық сөндірілді. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Орман өртімен күресте 315 адам мен 40-тан астам техника жұмылдырылған. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай қаласының маңында ірі орман өрті сөндіріліп жатқаны хабарланған.