Жангелді ауданында болған жол-көлік оқиғалары салдарынан Торғай ауылының жергілікті үш тұрғыны, ал Б.Майлин ауданында 23 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 қараша күнгі сағат 15:00 шамасында «Арқалық-Торғай» күре жолының 59-шы шақырымында, Тауыш ауылының жанында «AUDI-80» көлігін жүргізіп келе жатқан 52 жастағы ер адам көлігін басқара алмай, кюветке аударылды. Апат салдарынан көліктің жүргізушісі, 50 және 56 жастағы жолаушылар, Торғай ауылының тұрғындары алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Арнай сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жарақат алған жеті жасар қыз бала орталыұ аудандыұ ауруханаға жеткізілді», - деп атап өтті ведомстводан.
Сол күнгі сағат 17 шамасында «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолының 102-ші шақырымында, Тобыл кентінен 8 шақырым жерде тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алған.
«ВАЗ-2112 көлігін жүргізіп келе жатқан 23 жастағы ер адам кюветке аударылды. Жол апаты салдарынан жүргізуші күрделі жарақаттар алып, Лисаков қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 17 және 28 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізілді», - деп түсіндірді полицияның баспасөз қызметінен.
Аталған фактілер бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.