03 қаз, 2020 сағат 11:00

Қостанай облысында дәнді дақылдарды жинау аяқталды

Қостанай облысының диқандары астық дақылдарын толықтай жинады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл өңірде жауын-шашын ұзақ уақыт болмауы және жаздағы аптап ыстық дәнді дақылдардың өсімі мен жинау кампаниясын кешеуілдетті. Дегенмен, ауыл шаруашылығындағы цифрландыру және агротехнологиялардың қолданылуы арқылы жағдай жақсарды. Атап айтқанда, ылғалды үнемдеу әдісін енгізудің арқасында астық көлемін жинау былтырғы деңгейінен асты. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 4,1 млн тонна көлемінде дәнді дақылдарды жинады. Өнімділік орта есеппен 10,2 ц/га құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары. 

«Жалпы жиын-терім өткен жылғы деңгейден 1 млн тоннаға артық. Желілік астық қабылдау кәсіпорындарына 871 мың тонна дәнді дақыл келіп түсті. Түскен бидайдың 82%-ы 3-санатқа жатады, ал 60%-дан астамында 28 және одан жоғары пайыз глютен бар. Облыста өндірісті цифрландыру, технологиялық процестерді автоматтандыру есебінен жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындары жаңғыртылып, жаңа заманауи ірі қайта өңдеу кешендері енгізілуде. Осыған байланысты, 4,1 млн тоннадан астам өнімнің 60%-дан астамы қайта өңделетін болады, 1,2 млн тонна ұнды экспорттау жоспарлануда», делінген баспасөз хабарламада.

Қазіргі уақытта өңірдегі «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ астық тапсыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Келесі жылға 530 мың тонна тұқым сақталса, 1 млн гектардан астам алқап резервке алынды.