19 қар, 2020 сағат 15:38

Қостанай қаласының бас жоспары бекітілді

Қазақстан Үкіметінің 13 қарашадағы №762 қаулысымен Қостанай қаласының бас жоспары бекітілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Қостанай облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін. «Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қарашадағы № 1750 қаулысының күші жойылды деп танылсын», делінген құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.