07 қыр, 2022 сағат 15:37

Қошанов: Мен биылғы сайлауға да, кейінгі сайлауға да қатыспаймын


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов еліміздегі президент сайлауына қатысатын ойы жоқ екенін ашып айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Мәжілістің жалпы отырысынан соң БАҚ өкілдеріне сұхбат берген төраға сайлауға қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді. 

«Amanat» партиясы өз кандидатурасын ұсынады. Енді менің қатыспайтыным белгілі ғой. Ешбір сайлауға қатыспаймын. Сіздерге ресми түрде мәлімдеймін, биылғы сайлауға да, бұдан кейінгі сайлауға да қатыспаймын. Бірақ мен сол сайлауға қатысатын лайықты тұлғаны, лайықты кандидатты қолдаймын. Оны өздеріңіз сезіп тұрған шығарсыздар. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Келесі сайлауға баратын болса, сол кісінің кандидатурасын қолдаймын», - деді Ерлан Қошанов.