15 мау, 2022 сағат 15:23

Қошанов Мәжіліс таратыла ма деген сұраққа жауап берді


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палатасын тарату-таратпауды Президент шешетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжіліс кулуарында журналистер спикерден төменгі палата таратыла ма деп сұрады.

"Енді бүгін оған заңдық негіз жоқ. Біздің қазіргі мақсатымыз – референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістерді заңдастыру. Сол бойынша бізге отыздан астам заң жобасы келіп түседі. Оларды жылдың соңына дейін қабылдауымыз керек. Ал Мәжіліс таратыла ма, таратылмай ма, оны Президент шешеді. Сондықтан бұл дүниеде бәрі мүмкін", - деп жауап берді Қошанов.

Бұған дейін әділет вице-министрі Алма Мұқанова Парламенттің жетінші шақырылымы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Айтуынша, Конституцияға енгізілген түзетулер 8-ші шақырылым депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады.

5 маусымда Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтті. Қазақстандықтардың басым бөлігі түзетулерді қолдап дауыс берді.

Ата заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Сенаттағы Президент квотасы 10 депутатқа дейін қысқарады. Мәжіліс пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайланады. Сондай-ақ депутатты кері қайтару жүйесі енгізіледі.