30 қар, 2020 сағат 06:19

Коронавирустың төртінші толқыны: Гонконгте барлық мектеп жабылады

Сянган арнайы әкімшілік ауданының (САӘА, Гонконг) барлық мектебі коронавирустың төртінші толқыны салдарынан сәрсенбіден бастап Рождество мерекесі аяқталғанға дейін жабылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  SCMP -ге сілтеме жасап.

Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламның айтуынша, жақын арада барлық мемлекеттік қызметшілерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру жоспарлануда. Әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтамағаны үшін жергілікті тұрғындарға жаза қатайтылуы мүмкін. 

Әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзған адамдарға екі мың Гонконг доллары (шамамен 258АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Сонымен қатар, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің барлық қызметкерлері екі апта ішінде міндетті түрде коронавирус тестілеуінен өтеді.

Еске сала кетейік, Гонконгта эпидемия басталғаннан бері барлығы ауруға шалдығудың 6238 расталған жағдайы және коронавирусқа байланысты 109 өлім тіркелді.